«Жүкті әйелдер мектебі »
Мұнайлы аудандық орталық емханада, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалар облыстық орталығының Мұнайлы аудандық филиалы мамандарының ұйымдастыруымен, гинеколог дәрігері М. Сарсенова «Жүкті әйелдерді босануға дайындау» тақырыбында жүкті аналарға семинар өткізіп, ақыл кеңесін берді. СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының медбикелері Ж. Джұбатханова, Б. Бекежанова қатысушыларға Денсаулық мектептерінің апта сайын өткізіліп тұратындығын, одан басқа "Босануға дайындау мектебі", "Дені сау бала кабинеті", "Жүкті аналар мектебі", "Ресурстық орталық" т.с.с мектептерінің толыққанды жұмыс жасайтынын айтып түсіндірді. Семинар барысында бейне ролик көрсетіліп, СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының мамандары науқастарға бетшелер таратты . Қатысқан адам саны – 18