Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Бүкіләлемдік артериалық гипертония күні.

Шараның мақсаты:

Жоғары артериялық қысымның (АҚ) себебі мен салдарына, жоғары АҚ мен оның асқынуының алдын алу шараларына қатысты халықты ақпараттандыруды арттыру, сондай –ақ өзін –өзі бақылауға, өзін –өзі басқаруға, емделу ұстанымын қалыптастыруға үйрету.

Мұнайлы ауданында кардиолог дәрігері Янгибаева Г.Х. және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары «Өзіңді жедел коронарлық синдромынан қорғаңыз»  туралы ақпараттық –білім беру материалдарын таратты. Дәрігер дәріс оқыды. Қамтылған  -15 адам.

 БМСККО Атамекен ауылында  Рахат сауда орталығындағы  «Ашық есік» күні ұйымдастырылып өткізілді. Дәрігермен психолог мамандары ақыл кеңестерін беріп, халықтың қан қысымын өлшеді. Қамтылған  -25 адам.

БМСККО  Қызыл төбе емханасында терапевт дәрігері Сарсенбаева С.С. дәріс оқыды, емханада «Ашық есік» күндері ұйымдастырылып өткізілді. Халықтың қан қысымын өлшеді. Қамтылған  -60 адам.

Қызыл төбе -1, Дәрігерлік амбулатория ВОП дәрігері Суйегенова.А.П. және психологі Булутбаева.Ф.П. Дәрігер гипертонияның профилактикалық жағдайына тоқталып өтті. Гипертония ауруының туындауына себепші болатын адам ағзасына зиянды алкаголь ішімдіктері мен темекінің зиянды жағын түсіндірді. Қамтылған  -52 адам.

Мұнайлы ауданы және қалаға қатынайтын номер 105 автобуста ақпараттық танымдық материалдары (буклет, бетшелер) таратылды, үгіт насихат жұмыстары  жүргізілді. Қамтылған  -35 адам.

«Жібек жолы» сауда орталығында  халық көп жиналатын орындарда (жәрмеңкеде) медицина қызметкерлері халықтың қан қысымын өлшеді, (иом) таратып, үгіт насихаттау жұмыстарын жүргізді. 44 –адамының қан қысымын өлшеді.