«Мектепте тамақтандыру ісін ұйымдастыруды жетілдіру» бойынша 2016 жылдың 1-10 сәуір күндері аралығында өткен онкүндік ақпарламасы.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар аясында №2 орта мектепте «Мектепте тамақтандыру ісін ұйымдастыруды жетілдіру» бойынша 1-10 сәуір күндері аралығында онкүндік өтті. Осы онкүндік барысында мектепшілік бұйрық шығарылып, жоспар жасақталып, оқушыларға таныстырылды. Шараға мұғалімдер мен оқушылар белсене ат салысты.
01.04.2016 ж. күні жоспар жасақталып, мектеп директорына бекіттірілді.
02.04.2016 ж. бейнелеу өнері пәні мұғалімі Сапашева Клара «Бақытың да, байлығың да – Денсаулық» атты сурет көрмесі өтті.
04,05,06.04.2016 ж. күндері «Мен салауатты өмір салтын қалаймын» тақырыбында диктант алынды. Диктант қазақ (5,7,9,11 сыныптардан) және орыс тілінде (6,8,10сыныптардан) алынды.
07.04.2016 ж. күні мектеп медбикесі Бисенбаева Ұлмекен 8 сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтану және дәрумендеу – денсаулық кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
08.04.2016 ж. күні биология пәні мұғалімі Садыбекова Мөлдір 6 «а» сыныбына «Салауатты өмір – біздің болашағымыз» тақырыбында тәрбие сағатын өтті.
Осы күні мектеп психологы Сисенбаева Гаухар мен әлеуметтік педагог Абдалова Жаңыл аз қамтылған оқушылармен «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында психологиялық тренинг өткіздіДене тәрбиесі пәні мұғалімі Кенжебекова Жұмагүл 5 сыныптар арасында «Көңілді старт» өткізді.
09.04.2016 ж. күні биология пәні мұғалімі Өмірбай Гүлнар 8 сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтана білеміз бе?» атты сайыс өткізді.
Осы күні мектеп асханасының қызметкерлері, мектеп, лицей медбикелерімен бірге оқушыларға асханада дайындалатын тағамдардың құрамы, сапасы, пайдасы және олардың қалай әзірленетіндігі туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. Баларға жеміс-жидектер таратылды.