Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні.

2016 жылдың 24 ақпан-24 наурыз аралығында  «Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне» орай  айлықтың өткізілгендігі туралы есебі.

Шараның мақсаты:

Халыққа туберкулездің алдын алу және дер кезінде медициналық көмек алу қажеттігі туралы ақпараттандыруды арттыру, әсіресе жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Айлық аясындағы іс-шаралар бойынша қысқаша ақпарат:

2016 жылдың 24 ақпан-24 наурыз аралығында  «Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне» орай,  туберкулездің алдын алу мақсатында, Халық көп шоғырланатын Мұнайлы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында, Маңғыстау вокзалында, «Дана» сауда орталығында, Казпочта байланыс торабында «Ашық есік» күндері ұйымдастырылып өткізілді.  Ашық есікке СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық  филиалының мамандары , Туб диспансер  бөлімі және МАТҚҚБ мамандары қатысты. Тұрғындардың қан қысымын өлшеп, туберкулездің алдын алу туралы кеңестер берілді. Барлығы 520 адам қамтылды. Таратылған бетшелер саны – 500.

Мұнайлы аудандық  №1,5,12 жалпы білім беру орта мектептерінде, Туб диспансер меңгерушісі және СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиал мамандарымен «Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні» тақырыбында дәрістер, семинар-тренингтер жүргізді. Шара барысында оқушыларға 200-ге жуық бетшелер таратылып, 5 түрлі бейнеролик көрсетілді. Қатысқан оқушылар саны – 212.

БарлықБМСККО, ДА мекемелерінде  Туберкулездің алдын алу туралы халықты кеңінен ақпараттандыру мақсатында,  медицина қызметкерлері мен емделушілерге семинар-тренингтер өткізіліп дәрістер, дөңгелек үстелдер, денсаулық мектептері өткізілді. Қамтылған адам саны-320.  Таратылған бетшелер саны -300. 

Аталған шаралар жергілікті телеарналарда «Денсаулық» бағдарламасында және басылымдарда Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының сайттарында жарияланды.