Мұнайлы аудандық орталық ауруханасында «Амал мерекесін» атап өтті. Мерекеге облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Р. Бектубаев, аудан әкімі Н. Төлегенов, бөлім басшылары, ауыл ақсақалдары, мекеме басшылары, медицина саласындағы ардагерлері, медицина қызметкерлері қатысты.
Шыдаман шаттығын жетелеп Тағы бір көктем келді! Тағы бір Амал айымен алыс жақын ағайынмен қауышуға кез келді. Амал мейрамы ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастауы.Бұл мерекеде киіз үйлер тігіліп бишілерден би, әншілер мен ақын жыраулардан ән-жыр, күйшілерден күй шашу шашады.
Отпан тауда кеше Ұлы думан той болып алау оты жағылып Қосай - ата Ұрпақтары ас берген болатын. Амал – бірлік, адамдардың бір-біріне деген көл-көсір ниеті. Ендеше елімізде, жерімізде ұлттық рух, салт-дәстүр салтанатын құра берсін! Бізде сол салт дәстүрден жаңылмай Амал мерекесіне Ұлттық салт- дәстүрімізді нақыштау мақсатында, аудандық аурухана ұжымының қызметкерлерімен дайындалған «Тұсау кесер», Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандарымен «Қыз бен жігіт айтысы»рәсімдерін назарға ұсынылды.
Халық арасында «Амал күні жеті қат жер астынан жылы бу көтеріліп, жетіқат көктен нұр жауады» деседі. Ендеше, береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні құтты болсын! Міндетті түрде кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар. Әсіресе құдайы көршіге алдыңғы ретте кіріп шыққан жөн. Көрісе отырып, бір-біріне "Бір жасыңмен!", "Жасың құтты болсын!" деп айту керек.
Бұл жылы бізге өзгеше жыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай, бұл меркеде 25 ару қыздардан құралған арулардың ұлттық киімдер көрінісі өткізілді.
Соныман қатар, 25 жыл бойы медицина саласында қызмет етіп, облыстың денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін, сала басшысы Бектубаев Руслан Фаризунұлының атынан аудандық педиатр - Жүмина Хадиша Хасанқызына және рентген лаборант- Хантораева Лиза Әділбайқызына алғыс хаттармен сыйлық тапсырылады. Сонымен қатар, Тәуелсідігіміздің құрдастары, 25 жасқа толған:аурухананың медбикесі Джалгасова Дина және стоматолог дәрігер Абдуллаева Айсулу ға сыйлық тапсырылды.